Қазақстанның банк жүйесі экономикаға қолдау көрсеткеннен гөрі, одан табыс соруға икемдірек болып отыр.
Қазақстанның банк секторы жыл сайын өсіп келеді, бірақ бұл өсім халықтың қаржылық мүмкіндігімен емес, банктердің өз ішінде құрылған «жоғары пайыз - тез пайда» моделінің күшеюімен байланысты. 2025 жылдың 1 қазанына дейін банктер 61,1 трлн теңге активтен 4,03 трлн теңге таза пайыздық табыс тапты. Орташа маржа - 7,24%. Бұл дегеніңіз, елдегі әрбір 100 теңге активтің артында кем дегенде 7 теңге таза пайда жатыр.
Сырт көзге бәрі қалыпты көрінуі мүмкін. Бірақ осындай маржа деңгейі дамыған елдердегі көрсеткіштен екі есеге жоғары. Демек, Қазақстанның банк жүйесі экономикаға қолдау көрсеткеннен гөрі, одан табыс соруға икемдірек болып отыр.
Маржа – пайда емес, бірақ шындықты ашатын терең көрсеткіш Маржа - банктің барлық табысы емес, бірақ оның өз капиталы мен тартылған қаражатты қалай «саудалап» отырғанын көрсететін негізгі өлшем. Маржа жоғары болса – халық пен бизнеске берілген несиелердің үстіндегі пайыз да жоғары. Ал бұл өз кезегінде экономикаға түсетін салмақты білдіреді. Соңғы бес жылда Қазақстан банктері маржаны түсірудің орнына, керісінше, көтеріп алды. Себебі қарапайым: нарықта жауапкершілік аз, бәсеке әлі әлсіз, ал халықтың қаржылық мәдениеті жаңа қалыптасып келеді. Осы тұста банктердің әрекеті жай ғана «бизнес» емес, елдегі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті күшейтетін жүйенің бір бөлігіне айналып барады.
Кім пайыздан байып отыр? Home Credit – маржа чемпионы, ал тұтынушы ше? Home Credit Bank – 16,15% маржамен абсолют чемпион. Мұндай деңгей тіпті тәуекелді тұтынушылық кредит беретін нарықтарда да сирек кездеседі.
Экономист Еркін Сатыбалды бұл көрсеткішті былай түсіндіреді:
«16% маржа – бұл жай ғана сәтті бизнес емес, бұл – халықтың қаржылық әлсіздігінен пайда көру. Қысқа мерзім, жоғары пайыз, қатаң шарттар – банкке тиімді, ал клиентке тиімсіз модель. Біздің заңнамада маржаға лимит жоқ болған соң, банктер қалағанынша пайыз қоя алады. Бұл нарық емес, бұл монополиялық жайлылық», – дейді сарапшы.
Home Credit-тен кейін ВТБ Қазақстан (12,57%) және Kazakhstan-Ziraat International (10,05%) тұр. Бұл банктердің барлығы тар сегментке жұмыс істейді және несие портфелін жылдам айналдырып, тәуекелді өте жоғары бағалайды.
Citibank және Kaspi – корпоративтік және цифрлық үстемдік Citibank Kazakhstan – 9,73% маржа. Банктің клиенттері – ірі корпорациялар. Мұнда тәуекел төмен, ал пайыз жоғары. Бұл да сұрақ тудырады: егер корпоративтік сектор сенімді болса, неге маржа соншалықты үлкен?
Kaspi – 8,45%. Скориң, жылдам несие беру, тәуекелді дәл өлшеу – иә, барлығы сапалы жолға қойылған. Бірақ маржа деңгейі бір нәрсені көрсетеді: халық Kaspi арқылы өте қымбат несие алып жүр.
Қаржы талдаушысы Айман Жұмағұлова Kaspi моделін былай түсіндіреді:
«Kaspi тиімді жұмыс істейді, бірақ маржа 8% болуы – бұл да жоғары көрсеткіш. Мұның артында миллиондаған қазақстандықтың тұтынушылық несиеге тәуелділігі тұр. Яғни банк табысы халықтың қарызы көбейген сайын өседі», – дейді маман.
Маржасы төмен банктер – шынымен әлсіз бе? Жоқ, олар басқа жол таңдаған Отбасы банк (4,00%), RBK (4,01%), Freedom Bank (4,24%) – маржасы төмен банктер. Бұл олар нашар жұмыс істейді деген сөз емес. Олар ауқымды қызмет көрсету, мемлекеттік бағдарламалар немесе ұзақмерзімді ипотекалық өнімдер ұсынады. Маржа төмен болған сайын несиелер қолжетімді бола түседі. Сондықтан бұл банктер экономиканың нақты сегментін қолдауға үлес қосуда. Freedom Bank-тің бұрынғы топ-менеджері Санжар Құрман өз пікірін жасырмай айтты:
«Басқа банктер маржаны өсіру үшін клиентке қысымды күшейтеді. Freedom керісінше – масштабқа жұмыс істейді. Маржадан емес, көлемнен табыс табу моделі бар. Бірақ мұндай банктер аз. Қалғандары халықтың қалтасын қысып жатыр», – дейді ол.
Пайыздық спрэд – банктердің ашылмаған құпиясы Спрэд – банктің қаражатты қандай пайызбен тартып, қандай пайызбен несие беретінін көрсетеді. Бұл маржадан да маңызды. Home Credit-та спрэд – 12,17%. Freedom-та – 2,40%. Отбасы банк – 2,41%. Айырмашылық 5 есе
Бұл нені білдіреді?
Бір банктің клиенті қарызды өте қымбатқа алып жүр, ал басқа банк сол соманы әлдеқайда тиімді бағамен береді.
Экономикалық әділет туралы әңгіме осында басталады.Ірі банктер – нарықты ұстап тұрғандар ма, әлде бәсеңдетіп тұрғандар ма?
Halyk – маржа 7,38%, спрэд 5,38%. Kaspi, Forte, Bereke, ЦентрКредит – ортадан жоғары көрсеткіштер.
Бұл банктер нарықты ұстап тұрғандай көрінгенімен, олардың жоғары маржасы жалпы сектор бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге мүмкіндік бермейді. Яғни, ірі банктердің өз саясаты бар, ал бұл саясат бүкіл нарыққа әсер етеді.
Неге Қазақстанда маржа тым жоғары?
Бәсекенің әлсіздігі Халықтың қаржылық мәдениетінің төмендігі Тұтынушылық несиеге тәуелділік Заңның маржа мен пайыздық саясатты шектемеуі Банктердің тәуекелді әдейі жоғары бағалауыБұл факторлар Қазақстан банктерінің табысын өсіріп, халықтың қарыз жүгін ауырлатып отыр.Бұл кімге тиімді? Ал кімге тиімсіз? Тиімді:
Банктерге Акционерлерге Қысқа мерзімде пайда іздейтін инвесторларғаТиімсіз:
Қарапайым халыққа ШОБ-қа Жеке сектордағы өндіріс пен инновацияға Экономикаға Маржа – банктердің айнаны емес, қоғамның шындығын көрсетедіҚазақстан банктерінің қазіргі табыс моделі халықтың қаржылық әл-ауқатын жақсартуға емес, жоғары пайыз арқылы жылдам пайда табуға бағытталған. Маржа өссе – қарыз ауырлайды. Ал қарыз ауырлаған сайын банктердің пайдасы арта береді.