Қала билігі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаса, онда жауапкершілікті кім арқалайды?
Шымкент қаласындағы «Отау Сити 29/2» тұрғын үй кешенінің тұрғындары дабыл қағуда. Олардың айтуынша, соңғы уақытта үйде жарық жиі, тіпті күн ара өшіріледі. Соның салдарынан тұрғындар лифті ішінде қалып қою фактілері көбейген. Бұл – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Тұрғындардың сөзінше, үйде лифтілерге қызмет көрсететін компания мүлде жоқ. Hyundai Elevator маркалы лифтілер техникалық қызметсіз қалған. Яғни, төтенше жағдай бола қалса, жедел әрекет ететін жауапты мекеме анықталмаған.
Көрсетілген байланыс нөмірлеріне қоңырау шалу мүмкін емес, шағымдар ескерусіз қалып жатыр. Халық шұғыл түрде мәселені шешіп, электр энергиясының тұрақты берілуін қамтамасыз етуді және лифтілерге жауапты ұйым тағайындауды талап етеді.
Қала билігі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаса, онда жауапкершілікті кім арқалайды?
Видео: Instagram @kritika_shymkent