Бұл үшін азаматтардың ешқайда барып, құжат жинауы қажет емес.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, “Smart военкомат” жүйесі әскерге шақыртылуға жатпайтын азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларды шақырту тізімінен шығарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл үшін азаматтардың ешқайда барып, құжат жинауы қажет емес.
Әскерге бармайтын санатқа кім жатады:
1. Студенттер
2. Денсаулығы жарамсыз азаматтар
3. Әскерге шақырудан заң бойынша босатылған басқа санаттар
Ахмедиевтің айтуынша, жүйе әскери міндеттен босатылатын барлық санатты автоматты түрде анықтайды және оларды шақырту процестеріне қатыстырмайды.