$ 522.19  606.42  6.47

Түркістан облысында полицейлер өздеріне оқ атқан ер адамды атып өлтірді

Полицейлер алдымен бірнеше ескерту оқтарын атқан.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Түркістан облысында полиция қызметкерлері өздеріне қарсы оқ жаудырған ер адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Мақтаарал ауданында болған. Әйел полицейлерге бұрынғы жұбайының балалар бар үйге қарумен келгенін хабарлаған. Әйелдің өтінішінен кейін құқық қорғаушылар көмекке келген.

“Олар оқиға орнына келген кезде күдікті жақын маңдағы сарайда жасырынып, полицейлердің талаптарын елемеген. Содан кейін оларға қарсы оқ атып, біреуін жамбасынан жарақаттады”, –  деп хабарлады аймақтың полиция департаменті.

Полицейлер алдымен бірнеше ескерту оқтарын атқан. Алайда ер адам қарсы оқ атуын тоқтатпаған. Кейін полицейлер оны атып қана атысты тоқтатты.

Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары