$ 522.19  606.42  6.47

Жетісайдағы алапат өрт: Тірі қалған үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

"Жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты". 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы алапат өрттен тірі қалып, ауруханаға жеткізілген үш адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 18 қарашада Жетісай ауданында болған өртке байланысты өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастады.

«Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында.

Жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілді. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Жағдай Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары