Байқаудың жеңімпазы халықтың дауыс беруі арқылы таңдалды.
Кеше Алматыда өткен "Қазақ аруы – 2025" ұлттық сұлулық байқауында Талдықорған қаласының атынан қатысқан Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Байқаудың жеңімпазы халықтың дауыс беруі арқылы таңдалды. Дауыс беру нәтижелері жобаның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
Финалдың қорытындысы бойынша Дәрия Қуатжан 26 376 дауыс жинап, басты бәсекелесінің бірі Диана Қырымды (13 160 дауыс) екі есеге жуық басып озды. Үздік үштікті Дариға Рахым(11 045 дауыс) түйіндеді.
Дәрия – жас кәсіпкер, дизайнер. Жоба ұйымдастырушылары оның ұлттық өнер мен дәстүрлі ою-өрнектерден шабыт алатынын атап өтті. Ол осы өнер арқылы "қазақ мәдениетінің рухын жеткізуді" мақсат етеді.
Жобаның мақсаты – талантты жастарды анықтау және қолдау, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтау, Татарстанда білім алып жүрген шетелдік студенттер мен жергілікті халық арасындағы достық пен келісімді нығайту, сондай-ақ қоғамдық және мәдени байланысты дамыту.