Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр.
Астананың Мұқан Төлебаев көшесіндегі «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға кезінде лифт ішінде қызмет көрсетуші ұйымның жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкерлері болған.
- Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.