$ 524.65  607.02  6.48

«Айналайын сіңілім, көзіңді ашшы»: Ес-түссіз жатқан фельдшердің әпкесі жұртты жылатты

Зардап шеккен фельдшердің әпкесі Гүлжан әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялады. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанада балаларды құтқармақ болған фельдшер жансақтау бөлімінде жатыр Астанада 8 қараша күні Тәуелсіздік көшесінде болған төтенше жағдай кезінде бірнеше баланың өмірін аман алып қалған фельдшер әлі де ауыр халде ауруханада жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, ол ТЖМ қызметкерлері келмей тұрып балаларды жалын арасынан шығарып, өзі қатты зардап шеккен. Қазіргі таңда Астана қаласындағы №1 көпбейінді қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Зардап шеккен фельдшердің әпкесі Гүлжан әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялады. 

«Алла ұлық, айналайын сіңлім, көзіңді ашшы енді, сен мықтысың, ботам. Кеше ғана жарқырап жүріп, бүгін ажалмен алысып жатқан қаһарман Ұлданам. 24/7 сенің тілеуіңді бүкіл ел болып тілеп отырмыз, сен мықтысың, көзіңді ашып, бізді бір қуанышқа бөлеші, ботам. Жар таңдаудан қателеспепсің, осы жағдайда Әділет күйеу балаға мың алғыс айтамыз — сенің жаныңнан кетпей, саған деген қамқорлығын көрсетіп, дұғада отыр. Бүгін, ертең сен оянасың деген үмітіміз бар, батыр, қаһарман, ержүрек ботам.  Дұға тілеп, тілекші болып жатқан барлық жанның үйінде тек жақсылық болсын, ауырмасын. Ананы баламен, баланы ата-анасымен сынамасын, Аллам », — деп жазды.

Оның айтуынша, отбасы мүшелері де қасында болып, әпкесінің есін жиюын тағатсыздана күтуде. Қазір желі қолданушылары да фельдшердің ерлігіне ризашылық білдіріп, оның тез сауығып кетуін тілеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары