07.11.2025, 19:20

Талдықорғанда су құбырын жөндеп жүрген жұмысшы терең құдыққа құлап кетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

Жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Талдықорған қаласында су құбырын жөндеп жүрген 1991 жылы туған ер адам тереңдіктегі шамамен 14 метр болатын құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері штатив пен арқан-жүйені қолдана отырып төменге түсті, зардап шегушіні зембілге бекітіп, жоғарыға көтеріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

«ТЖМ еске салады құдыққа, шұңқырға сақтандырусыз түспеңіз», – делінген ведомство хабарламасында.