$ 530.47  613.75  6.56

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны фермерді атып өлтірді

Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы оқиға 31 қазанда түнгі сағат он шамасында болған.

Фото: halyqstan
Фото: halyqstan

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево ауылында 22 жастағы тұрғын фермерді атып өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы оқиға 31 қазанда түнгі сағат он шамасында болған. 22 жастағы тұрғын ішімдік ішкені күйі "БурБат" ЖШС директорына келіп, жалақы бойынша қарызды беруді сұраған. Директор жұмысшының бұл әрекетіне ашу шақырып, оқтаулы мылтығымен үйден шыққан. Ойы жұмысшыны қорқыту болған. Алайда жігіт мылтықты тартып алып, басшысына оқ атады. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның болғанын растады.

"22 жастағы күдікті ұсталды. Тимирязев ауданы Докучаево ауылының 52 жастағы тұрғынының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталады", - дейді полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары