$ 530.07  615.2  6.58

«Археологиялық қазба жасап, тарихи мұраны тонаушылар неге әлі жазаланбай жүр?» - Мұрат Әбенов (ВИДЕО)

"Біздің ата-бабамыздан қалған тарихи мұра – ұлттың рухани қазығы".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов заңсыз археологиялық қазба жұмыстарымен айналысатындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары тарихи және мәдени ескерткіштерге заңсыз қол сұғу, археологиялық олжаларды жекеменшікке өткізу фактілері жиілеген. Алайда жауаптылардың нақты жазаға тартылмай отырғаны қоғамда наразылық туғызуда.

«Әлеуметтік желілерде археологиялық заттарды ашық саудалап жүргендер бар. Олар ұлттық мұрамызды тонап отыр. Бірақ бірде-біреуі қылмыстық жауапқа тартылмаған. Бұл қалай?» — деді Мұрат Әбенов.

Оның сөзінше, қазіргі заңнамада мәдени мұра нысандарын қорғауға қатысты баптар бар болғанымен, нақты жазалау тетігі әлсіз. Осыған байланысты депутат Әділет министрлігінен заңсыз археологиялық жұмыстарды қылмыс ретінде нақты қарастырып, жауапкершілікті күшейтуді сұрады.

«Біздің ата-бабамыздан қалған тарихи мұра – ұлттың рухани қазығы. Ал оны тонатып қою – болашақ ұрпаққа қиянат», — деп түйіндеді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары