$ 535.83  624.94  6.69

Құлсарыда түйе баланы таптап кетті (ВИДЕО)

Аудандық қызметтердің мәліметінше, көше кезіп жүрген жануар ұсталған, алайда оның иесі әзірге анықталған жоқ.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Құлсарыда түйе аулада жүрген баланы таптап кетті. Жергілікті тұрғындар жануардың адамдарға қауіп төндіріп, аулада қараусыз жүргеніне ашуланды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы AtyrauPress басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жануарды баланы қағып, құлатып, үстінен таптап таптап жатқанын көруге болады. Болған жағдайды көрген көлік жүргізушісі түйенің жанына келіп, оын үркітпейтінше жануар орнынан қозғалмады.

Желіде баланың аутизм диагнозы бар деген ақпарат тарады. Алайда Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, балаға “аутизм” диагнозы қойылмаған. Дегенмен ол емханада невропатологтың есебінде тұр.

Қазір зардап шеккен бала аудандық орталық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Облыстық ауруханаға жолдауға көрсеткіш болмаған. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Аудандық қызметтердің мәліметінше, көше кезіп жүрген жануар ұсталған, алайда оның иесі әзірге анықталған жоқ.

Кұлсары тұрғындары бұл жағдайға наразылық білдірді. Олардың айтуынша, соңғы уақытта қала көшелерінде түйелер емін-еркін, қараусыз жүреді. Бұл ата-аналарды да алаңдатып отыр, олар балаларын көшеге шығарудан қорқады.

“Бұлай болмайды. Жануарлар аулаларда еркін жүреді, енді міне, бала өлім аузынан қалды. Қашан тәртіп орнатады?” — деп жазды желі қолданушылары жазба астында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#түйе #Құлсары