28.10.2025, 21:30

12 адамның қазасы: Ақтөбеде қара жамылған отбасыларға 1 млн теңге берілетін болды

Фото: Видеодан алынған кадр

23 қазан күні аймақта жол апатынан 12 адам қаза тапқан еді. 

Кейін тіл тартпай кеткен 2 жүргізушінің әрекетіне қатысты тергеу басталған-ды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға «Самара – Шымкент» автожолында, Ақтөбе облысындағы Белқопа ауылының маңында тіркелді. Онда DAF жүк көлігі мен жолаушы тасымалдайтын «Газель» көлігі бір-біріне соғылып, 12 адамның өмірін жалмаған болатын. 

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына (арасында бір үйдің адамдары бар) 1 миллион теңгеден материалдық көмек беретінін мәлім етті. 

Қазіргі уақытта екі жүргізушінің әрекеті тергелуде. 23 қазанда жантүршігерлік жол апатын ІІМ-нің арнайы тобы тергейтіні белгілі болып, артынша арнайы Тергеу жөнінде үкіметтік комиссия да құрылды.