$ 538.13  624.88  6.64

«Осы жолды бастадым»: Танымал директор әншілікке бет бұратынын айтты (ВИДЕО)

Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Елге танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қыз ұзатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөлісті. 

"Бүгін мен үшін ерекше күн! Алғаш рет өз қолыммен — ағамның алтын қызын ұзатып, ән айтып шығарып салдым. Бұл сәт менің жүрегімде мәңгі сақталады…
Соңғы уақытта көп адам: “Сіз ұзатыңызшы, сіз тұсауын кесіңізші, сіздің жолыңыз берекелі” деп ырымдап жатады. Мүмкін, бұл — ниет пен жүректің тазалығынан болар…
Мен үшін қыз ұзату – жай дәстүр емес, үлкен жауапкершілік. Себебі әр әнде, әр тілекте мен болашақ келіннің, болашақ ананың, болашақ жардың бақытына тілек арнаймын. Бүгін сол жолды өз отбасымнан — ағамның қызынан бастадым", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары