$ 538.13  624.88  6.64

Павлодар облысында тепловоз машинисі қаза тапты

Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға Баянауыл ауданындағы «Сарыкөл» көмір кенішінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық еңбек инспекциясы комитетінің мәліметінше, теміржол тұйығында көмір тиелген жартылай вагон рельстен шығып кеткен.

Құрылымды кранмен көтеру кезінде трос үзіліп, ілмек машинистке соғылған. 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары