13.10.2025, 11:20

Президент Қазақстанның үш елдегі елшілерін тағайындады

Фото: aqorda.kz

Тиісті құжаттар 2025 жылғы 13 қазанда Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Словения, Босния және Герцеговина, Черногория, сондай-ақ Тунис елдеріндегі елшілерін тағайындады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тиісті құжаттар 2025 жылғы 13 қазанда Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс орын алды: 

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.