$ 539.06  623.75  6.63

Шымбұлақта Қытайдан келген турист жарақат алды

Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында жарақат алған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр биіктікте Қытайдың 1973 жылы туған азаматшасы жарақат алды.

Ол тау баурайымен сырғанаймын деп белін ауыртып алып, өздігінен жүре алмаған.

Оқиға орнына ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты.

Құтқарушылар оқиға орнына аспалы жол арқылы көтерілген. Курорт құтқарушыларымен бірлесіп зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетті. Оны зембілмен төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Турист #Қытай