$ 541.54  629.16  6.64

«Жаңа Адамдар» министрмен кездесіп алып қашу, сталкинг мәселесін талқылады (ВИДЕО)

Кездесу пікір алмасу форматында өтті.

 

Фото: Жаңа Адамдар
Фото: Жаңа Адамдар

Жаңа адамдар Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаевамен кездесіп, алып қашу, сталкинг және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнамалық түзетулерді талқылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева Астанада Жаңа адамдар жастар қозғалысының белсенділерімен кездесті. Елордалық кампуста еліміздің түрлі өңірлерінен келген белсенділер бас қосты.

Кездесу пікір алмасу форматында өтті. Спикерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі тезистерді талқылап, жастар арасындағы патриотизм ұғымын жаңа мазмұнмен толықтыру жолдарын қарастырды.

Ерекше назар жақында қабылданған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, сталкингке және «Алып қашу» арқылы неке қиюға мәжбүрлеуге қарсы заңнамалық түзетулерге аударылды.

Шығыс өңіріндегі қозғалыс көшбасшысы Ғазиза: «Біз құқықтың әрдайым жауапкершілікпен қатар жүретінін түсінеміз. Тек заңдар жеткіліксіз — ең бастысы, өзгерістер біздің санамызда орын алуы керек. Қоғамдағы тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады».

«Тұмар» азаматтық науқанының көшбасшысы Ғалия: «Қазақстан өзгеріп келеді, сонымен бірге қоғамдағы әйелдің рөлі де өзгеруде. Олар мықтырақ, сенімдірек және еркін болуда».

Қозғалыс көшбасшысы Асель Баденова:

«Бүгінде Қазақстан жастары — қоғамдық өзгерістердің авангарды. Олар ертеңгі күнмен бүгін өмір сүретіндер. Тәуекелге барып, қателесіп, жаңа дүниелер жасап, өз әрекеттерімен өзгелерге шабыт сыйлайтындар. Жаңа адамдар жаңа азаматтық форматтарды — экологиялық акциялардан бастап құқықтық науқандарға дейін — іске қосып келеді. Біз жаңа құндылықтарды қалыптастырудамыз: еңбексүйгіштік, білім, адалдық және бастамашылдық. “Басқа біреу істесін” дегенді “өзіңнен баста” деген сана стиліне өзгертудеміз. Қозғалыстың бүгінгі таңдағы істерінің барлығы — Президент айтқан жаңа форматтағы патриотизмнің көрінісі».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары