Баланың апасы дәрігерлерге тізерлеп, жалынып сұраған соң ғана 7 қазан күні ауруханаға жатқызған.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлоа ауданы Құлан ауылында 6 жастағы Әли Жолшыбек көз жұмды. Жақындары баланың өліміне дәрігерлердің немқұрайлылығы себеп болды деп отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Әли 29-ші қыркүйектен бастап ауырған. учаскелік дәрігерге көрінуге барғанда дәрігер ешқандай көмек көрсетпеген. Сөйтіп үйіне қайтарып жіберген.
Баланың апасы дәрігерлерге тізерлеп, жалынып сұраған соң ғана 7 қазан күні ауруханаға жатқызған. Бірақ ауруханаға жатқызғанымен ешқандай тексеру жүргізбеген, диагноз қоймаған. Ауырсыну басылмаған соң тек креон берген. 10 қазан күні бала сонда сөз жұмды.
Баланың үлкен әпкесі, анасы да осы ауруханада екі жыл бұрын жан тапсырғанын айтты.
“Баламызды сот-медициналық экспертизаға алып кеткелі жатыр. Ешқандай дәрі бермеген. Бір апта бойы қиналған. Тек қана креон берген. Бәрін жаысырып отыр. Диагнозы айтпайды, ауру тарихын бермейді. Дәрігерлерді ешкім жоқ”, – дейді әйел.
Ол денсаулық сақтау министрлігі мен Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады.
Әлидің өліміне қатысты Т.Рысқұлов аудандық ауруханасы түсініктеме берді. Медициналық мекеме баланың ауруханаға әжесімен бірге түскенін мәлімдеді.
“Өт жолдарының ауруымен 7 қазаннан бері клиникалық хаттамаға сәйкес, тиісті зерттеулер жасалып, тағайындалған емді қабылдады. Баланың жағдайы орташа ауырлықта болған. 10 қазан күні сағат 06:55-те кенеттен қайтыс болды. Қазір баланың өлім себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі істер бөліміне хабарланған сот-медициналық сараптама тағайындалған”, – делінген хабарламада.