$ 541.54  629.16  6.64

«Басынан теуіп, шашынан жұлған»: Маңғыстауда оқушы қыздар бір-бірін аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Оқушы қыздардың төбелесі бейнеленген видео әлеуметтік желіде таралып, полиция департаменті қатысушыларды анықтаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төбелескен қыздардың 2011, 2012 және 2013 жылы туған жасөспірім екені анықталып, олар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген.

— Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына өз балаларының тәрбиесі мен оқуы бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны, олардың мінез-құлқына тиісті бақылау жасамағаны және құқықбұзушылыққа жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Оқиға бойынша материал жасақталып, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданатын болады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысы бар барлық тұлға профилактикалық есепке қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары