$ 541.54  629.16  6.64

Израиль мен ХАМАС келісімі күшіне енді

ХАМАС басшысы Халиль әл-Хайи келісім бойынша Рафа шекара өткелі екі бағытта ашылатынын айтты.

Фото: RFI
Фото: RFI

10 қазанға қараған түні Израиль Министрлер кабинеті ХАМАС қозғалысымен атысты тоқтату туралы келісімді мақұлдады. Дәл осы сәттен бастап бітім режимі күшіне енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алғашқы кезеңде Израиль армиясы (ЦАХАЛ) әскерін Газадағы алдын ала келісілген аумақтарға — «сары сызық» деп аталатын шекараға дейін шегіндіреді. Әскерилердің мәлімдеуінше, олар келісімді іске асыруға дайындықты бастап кеткен: түзетілген орналастыру шептеріне көшу үшін әскери хаттама әзірленіп жатыр. Reuters агенттігінің дерегінше, Израиль бөлімшелерін шегіндіру келісімге қол қойылғаннан кейін 24 сағат ішінде толық аяқталуы тиіс.

Reuters агенттігінің дерегінше, бүгін Израиль мен ХАМАС оқ атуды тоқтату және тұтқындарды босату жөніндегі келісімге қол қойды.

ХАМАС басшысы Халиль әл-Хайи келісім бойынша Рафа шекара өткелі екі бағытта ашылатынын айтты. Сондай-ақ ол делдал елдер мен АҚШ ХАМАС-қа қақтығыстың “толық аяқталғанына” кепілдік бергенін жеткізді.

Әл-Хайидің сөзінше, Израиль түрмелерден 250 өмір бойына сотталған палестиндікті және Газа секторынан 1,7 мың адамды, оның ішінде барлық әйелдер мен балаларды босатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары