$ 541.54  629.16  6.64

Қазақстандықтардың маңызды құжаты өзгеретін болды (ВИДЕО)

Жуырда Қазақстан Республикасының паспортының дизайны өзгереді.

Фото: shutterstock/ Милош Муратовский
Фото: shutterstock/ Милош Муратовский

Жуырда Қазақстан Республикасының паспортының дизайны өзгереді. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, жаңа дизайнды әзірлеу биылғы ақпан айында басталған. Қазіргі паспорттың үлгісі айналымда 17 жылдан бері қолданылып келеді.

«Қазір Ұлттық банктің жетекші дизайнерлері мен Банкнот фабрикасының мамандары паспорттың визуалды бейнесіне арналған негізгі тәсілдерді дайындап жатыр. Бұл жұмыста халықаралық стандарттар мен қазіргі трендтер ескерілді: минималистік стиль; визалық беттердегі фондық суреттер; жалған құжаттан қорғаудың жаңа элементтері енгізілмек», — деп жазды Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, жаңа дизайн тұжырымдамасы Қазақстанның бірегей ерекшеліктерін, ұлттық болмысын, мәдени әртүрлілігін және елдің көрікті жерлерін бейнелейтін болады. Тұжырымдаманың ресми таныстырылымы алдағы уақытта өтеді.

Келесі кезеңде паспорттың сигналдық (сынақ) нұсқасы әзірленеді. Бұл процесс көпсатылы баспа және қорғаныс технологияларын қолдануды талап ететіндіктен, бірнеше ай уақыт алады.

«Жаңа дизайндағы паспорт шығарыла бастаған кезде ескі құжаттарды жаппай ауыстыру жоспарда жоқ. Жаңа үлгідегі паспорттар мерзімі аяқталған, бұзылған немесе азаматтың жеке өтініші бойынша ғана беріледі. Бағасы өзгеріссіз қалады», — деп нақтылады Қарин.

Ерлан Қарин Банкнот фабрикасының мамандарымен жаңа паспорттың цифрлық макетін дайындау және өндіріске енгізу жөніндегі техникалық мәселелерді талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары