$ 547.57  642.63  6.68

Алматыда сарбаз көпқабатты ғимараттан секіріп, көз жұмды

Оқиға Алматыдағы Гоголь мен Масанчи көшелерінің қиылысында болға

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматыда әскери форма киген жас жігіттің жараланып, қан жоса болып, жерде жатқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Алматыдағы Гоголь мен Масанчи көшелерінің қиылысында болған. Видеоны түсірген автордың айтуынша, шатырда басқа жігіттер болған. Ал жерде жатқан азамат ауырсынған күйде "Кәусар" деген есімді атап шақырған.

"Кейінірек форма киген ересек адамдар келіп, шатырда болған жігіттерге айғайлай бастады. Олардың қасында қолдарында дәрі қобдишасы бар әйелдер де болды", – дейді видео авторы.

Оқиғаға қатысты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жауап берді. Дерекке сенсек, мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз 3-қабаттан секіріп кеткен.

"Төтенше жағдай 4 қазанда болған. Зардап шеккен сарбаз жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, қазір ол ем қабылдап жатыр. Қызмет барысында әскери қызметкерге дәрігерлер "бейімделу бұзылысы" деген диагноз қойған. Сарбаз әскерге шақырылғанға дейін жақын туысын жоғалтқан және қызметке жарамдылығын анықтайтын әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күткен", – деп мәлімдеді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бейнебақылау камераларындағы жазбаларға сәйкес оқиғаға үшінші тараптың араласуы болмағаны анықталды дейді Ұлттық ұлан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары