$ 547.57  642.63  6.68

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Биыл ақпан-тамыз айлары аралығында ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Фото: Руслан Берденов /Facebook
Фото: Руслан Берденов /Facebook

Алматы қаласын дамыту орталығының басшысы ретінде Руслан Берденов тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының әкімдігі растады.

Еске салайық, «Алматы қаласын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 2/331 қаулысына сәйкес 100% мемлекет қатысуымен құрылды. Орталық мақсаты — Алматы қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу. 

Руслан Берденов 2023 жылдың наурызынан 2025 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

Биыл ақпан-тамыз айлары аралығында ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары