$ 547.57  642.63  6.68

Қайрат Боранбаев мерзімінен бұрын босатылуға өтініш беріп, кейін оны қайтарып алды

"Осыған байланысты сот оны қараусыз қалдырды".

Фото: Арман Жаксығұлов / "Қайрат" ФК
Фото: Арман Жаксығұлов / "Қайрат" ФК

Бизнесмен, «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп, кейін оны қайтарып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Экономикалық қылмыстары үшін сотталған бизнесмен Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап, сотқа өтініш түсірген. 2 қазанда оның ісін Бостандық ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты қарады.

«Сот отырысы барысында сотталған өз өтінішін қайтарып алды. Осыған байланысты сот оны қараусыз қалдырды. Бұл – процессуалдық әрекет әрі сотталғанның заңды құқығы. Ол кез келген уақытта өтініш бере де, қайтарып ала да алады», – деп түсіндірді Алматы қалалық соты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары