Биылғы жылдың бас жүлдесін (Гран-при) Мәскеуден келген Софья Сакания иеленді.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында беделді Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаттары марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Опера өнерінің үздігі атану үшін Қазақстан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, сондай-ақ Италияда жұмыс істейтін Украина мен Қазақстанның жас таланттарынан құралған 52 орындаушы бақ сынады. Финалдық турға 17 қатысушы өтті. Олардың өнерін әлемдік опера майталмандарынан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады.
Шара барысында қазылар алқасының төрайымы КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, академик Бибігүл Ахметқызы Төлегенова ұйымдастырушыларға, демеушілерге және барлық қатысушыларға шынайы алғысын білдірді. Жобаның идеялық жетекшісі жеңімпаздың атын өзі жариялады.
Биылғы жылдың бас жүлдесін (Гран-при) Мәскеуден келген Софья Сакания иеленді.
20 жастағы әнші Бақытжан Байқадамұлының «Сүйген сәулем» әнін әсерлі орындауымен ерекшеленді. «Мұндай ауқымды байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Шыны керек, жеңімпаз атанамын деп ойлаған жоқпын. Өйткені, бәсеке өте жоғары болды. Бұл конкрусқа катысудың өзі мен үшін үлкен сынақ әрі ынталандыру болды. Бибігүл Ахметқызы – аңыз адам. Оны тірідей көру мен үшін үлкен бақыт. Әрине, бұл орасан зор тәжірибе, оркестрмен жұмыс, жаңа эмоция, күтпеген тосынсый… Бұл байқау маған үлкен мектеп болды», – деді Софья.
Конкурс лауреаттары
І орын:
ІІ орын:
ІІІ орын:
Дипломанттар
Арнайы сыйлықтар
Конкурс лауреаттардың қатысуымен өткен Гала-концертте қазақстандық және әлемдік классиканың әйгілі шығармалары орындалып, оларды ҚР Т. Әбдрашев атындағы Мемлекеттік симфониялық оркестрі (дирижер Е. Ахмедьяров) сүйемелдеді.
Сыйақы қоры
Ал, финалдық турға қатысып, бірақ лауреат атағын алмаған әрбір қатысушы дипломмен, дипломант атағымен және 350 000 теңге көлеміндегі көтермелеу сыйақысымен марапатталды.