$ 546.96  642.73  6.7

«Мектепте балаларымызды бүрге талап жатыр»: Алматыда ата-аналар дабыл қақты

Желіде тараған видеода ата-аналар аяғына өрмелеген жәндіктерді ұстап алып көрсетті.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Алматы мектебінде оқушыларды бүрге шағып жатқаны туралы хабарлама тарады. Анонимді түрде жария болған хатта ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдаулы екенін жеткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«№127 мектепте балалар бүргеге таланып жатыр. Олар күн сайын үсті-басы шағылған күйде үйге оралады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке өтініш жібердік. Алайда, өкінішке қарай, қабылданып жатқан шаралар нәтиже бермей отыр. Біз, ата-аналар, балаларымыздың денсаулығына алаңдап отырмыз және осы мәселені шешуге ықпал ете алатын барлық тұлғаға хабарлап, жедел және тиімді шаралар қабылдауды сұраймыз», - делінген хатта.

Желіде тараған видеода ата-аналар аяғына өрмелеген жәндіктерді ұстап алып көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары