$ 549.06  644.87  6.66

10 жылдан бері жөнделмеген жол: Степногорскідегі жол халықты ашуландырды (ВИДЕО)

Жергілікті билік болса, кезекті уәдені қайталаумен шектелді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Степногорск тұрғындары он жылдан астам уақыт бойы жөнделмей келе жатқан жолдың жайына наразы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалдан кейін халықтың ашу-ызасы бұрынғыдан да күшейді. Көлік жүргізушілері күн сайын сынған аспа, опырылған бөлшектермен әлек болып, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатерге биліктің бейқамдығына ашулы.

Халық не дейді? Тұрғындардың пікірлері әкімдікке деген сенімнің жоғалғанын көрсетеді.

– «Қалада бірнеше жылдан бері толық ж…а. Әкімдер ауысады, бірақ ешкімге абаттандырудың керегі жоқ. Бір ғана адам өз күшімен бір аймақты ретке келтіріп жүр. Ал бұл жолды әкімдік өкілдері өздері пайдаланбайды, сондықтан да олар үшін бәрібір», – деп жазды kolec_zhuk.

– «Оларға күшті диоптриялы көзілдірік пен есту аппаратын берейік. Халық не сұрап жатқанын көріп, еститін болсын. Бұл – нағыз бассыздық. Бізге қаласын жүрегімен қорғайтын жергілікті әкім керек, тағайындалған басшылардан пайда жоқ», – дейді ko.zlova8879. – «Жолды 10 жылдан бері уәде етіп келеді, бірақ нәтиже жоқ», – деп ашуланды chaban_mihail.

– «Егер әкімдердің біреуінің үйі осы жерде болса, баяғыда жөнделетін еді. Өкінішке қарай, бізде олай емес», – деп жазды stepanova.tatyana54.

– «Бұл мәселені 5 жыл бұрын айту керек еді, қазір емес», – дейді mnurgaliev728.

– «Әкімді шақырыңдар, келіп көрсін», – деп талап етті puzhalovskaial.

Әкімдік не дейді? Жергілікті билік болса, кезекті уәдені қайталаумен шектелді.

– «Қазіргі уақытта жолды қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама жасалып жатыр. Құжат дайын болғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы сұралады. Алдын ала болжам бойынша жөндеу 2026 жылы басталады», – деп хабарлады jkh_stepnogorsk.

Алайда бұл жауапқа халық сенбейді.

– «Қанша жылдан бері осы жолдың аянышты жағдайы туралы айқайлап келеміз. Әр маусымда осылай жүреміз. Ал билік болса «барлық жұмыстар атқарылды» деп есеп береді. Бір рет те қиыршық тас төселген жоқ», – дейді irinaoskina1979.

– «Бүкіл жаз бойы осы сұмдық жолдың бейнесін салып келеміз. Ал әкімдік бәрін жасалған деп көрсетеді. Әр дачашы мұны растайды», – деп жазды aqmola_stepnogorsk. Жолдың қауіпті екенін жақында болған оқиға айқын дәлелдеді.

– «Зейнеткердің көлігінде шаровая үзіліп кетті. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ ертең қайғылы жағдай болуы мүмкін. Мұның бәрі – дер кезінде шара қолданылмағандықтан», – делінген бейнематериалда.

Көпшілік пікірінде бұл жолды «қалаішілік техникалық жол» деп ресми мәртебе беріп, шұғыл жөндеу керектігі айтылды.

– «Бұл жай ғана қосалқы жол емес, қаланың техникалық жолы. Мұндай жолдар үшін әкімдік ұялуы тиіс. Біз 3 жылдан астам уақыттан бері жолды жөндеуді талап етіп келеміз, бірақ нәтиже жоқ», – дейді gnatashas.

– «Жол апатын тіркеп, сот арқылы шығынды өндіріп алу керек», – деп жазды zikratovegor.

Степногорскідегі бұл жолға қатысты мәселе тұрғындардың шыдамын сарқып болды. Халық 10 жылдан бері берілген уәделердің орындалмағанына ашулы. Әкімдік 2026 жылды күтіңдер десе, халық «ертең адам қаза табуы мүмкін» деп дабыл қағуда. Жол – халықтың қауіпсіздігі үшін жасалуы тиіс. Ал он жылдан бері жөнделмей келе жатқан жол биліктің халық үнін естімей отырғанының айғағы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары