$ 548.79  643.02  6.63

Атыраудағы базарда киік еті сатылып жатыр

Қазір киік етінің көтерме бағасы – 2000 теңге, ал бөлшек саудада келісі 2200 теңге.

Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Атырау қаласындағы базарда киік еті сатыла бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы АқЖайыққа сілтеме жасап.

Оралдан келген сатушы Вячеслав қалаға шамамен 2 тонна киік етін жеткізген.

Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан қызығушылық жоғары болғандықтан, әкелген ет түгелдей өтіп кеткен.

"Кейбірі көп мөлшерде көтермемен алды, енді бірі келілеп сатып әкетті. Біз ресми түрде жұмыс істейміз: өзіміздің аңшылық шаруашылығымыз бар, барлық құжаттар мен куәліктер заңға сай рәсімделген. Әрбір етті ветеринар мамандар тексеріп шығады", – дейді ол.

Қазір киік етінің көтерме бағасы – 2000 теңге, ал бөлшек саудада келісі 2200 теңге.

"Киікті атып алмаймыз. Алдымен аумен ұстап, кейін соямыз. Осылайша, ет ұзаққа шыдамды болады", – деп атап өтті Вячеслав.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары