Оқиға болған сәтте пәтер иесінің күйеуі жұмыста болған.
Астанадағы «Ново Сити» тұрғын үй кешенінде күндіз төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Куәгерлердің айтуынша, балконда шегілген темекіден өрт шығып, жалын әп-сәтте пәтердің сыртқы бөлігін шарпыған.
Оқиға болған сәтте пәтер иесінің күйеуі жұмыста болған. Үйде әйелі мен баласы ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, тұрғындар дер кезінде байқап, өртті сөндіру қызметі шұғыл жетіп үлгерді. Балкон толық өртеніп кеткенімен, асүйге оттың өтпеуіне балкон есігінің жабық тұруы себеп болды.
Көршілердің айтуынша, жалын өршіп кеткен жағдайда үлкен апатқа әкелуі мүмкін еді. Қазір тұрғындар балконда темекі шегудің қауіптілігін қызу талқылап жатыр. Әлеуметтік желіде де жұртшылық «темекі шегуге заңмен қатаң тыйым салу керек» деген пікір айтуда.
Бұл оқиға көпқабатты үйде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.