Тестілік кезең 3–6 айға созылады.
Әлеуметтік желілерде елордалық жеңіл рельсті көліктің (LRT) сынақтан өткізілу сәтінен бейнежазба тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектың айтуынша, алғашқы пойыздың маршруты “Абу-Даби” аялдамасына дейін жетіп, әрі қарай Мәңгілік Ел даңғылындағы көпір бағытына қарай қозғалады.
– Тестілік кезең 3–6 айға созылады.
– Қазан айында қосымша 8 пойыз жеткізіледі.
– Желтоқсанға дейін барлығы 18 құрам дайын болады.
– Алдағы жылдың басынан бастап пойыздар толыққанды жұмыс істейді деп жоспарлануда.
– Жобалық жолақы құны — 200 теңге.