$ 544.26  634.72  6.52

Балабақшада 100-ден аса бүлдіршін тамақтан уланды

Қазір төменгі Шыршық ауданында – 12, Аққорған ауданында 97 бала дәрігерлердің бақылауында, олардың денсаулығы тұрақты.

Фото: t.me/uzedu
Фото: t.me/uzedu

Ташкент облысының Шыршық, Аққорған, Піскент және Бөке аудандарындағы балабақша бүлдіршіндері тамақтан уланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір төменгі Шыршық ауданында – 12, Аққорған ауданында 97 бала дәрігерлердің бақылауында, олардың денсаулығы тұрақты.

25 қыркүйекте Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрі Эъзоза Каримова мен министрдің орынбасары Азизбек Тұрдиев істі жеке тексеру үшін төменгі Шыршық, Аққорған, Піскент және Бөке аудандарындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын аралап шықты.

Облыстық құқық қорғау органдары және жергілікті әкімдік қызметкерлерімен бірлесе отырып, балабақшалардың қазіргі жағдайы мен асханалардағы жағдай тексерілді. 

"Сақтық шарасы ретінде тиісті ұйымдармен бірлесе отырып, Піскент және Бөке аудандарындағы балабақша тәрбиеленушілері дәрігерлердің тексерісінен өткізіліп жатыр. Әзірге бүлдіршіндердің денсаулығына айтарлықтай қауіп төнген жоқ", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары