Тексеру барысында №17 маршруттағы автобустың 55 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды
Таразда полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде жолға шыққан автобустың жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Қауіпсіз жол" атты жедел-профилактикалық шара барысында құқық қорғаушылар күдік туғызған жолаушылар автобусын байқап, оны тексеру үшін тоқтатқан.
Тексеру барысында №17 маршруттағы автобустың 55 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды. Медициналық тексеру оның қанында алкоголь бар екенін растады.
Осылайша жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 күнге қамауға алынды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
"Жүргізушінің мас күйде көлік жүргізуі жолдағы қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді және қатаң жауапкершілікке әкеп соқтырады", – деп ескертті полиция қызметкерлері.