$ 542.8  637.84  6.49

Мұстафа Өзтүріктің бұрын-соңды жарияланбаған видеосы тарады (ВИДЕО)

Бұл кадрларда әйгілі спортшының Абай облысы, Мақаншы ауданындағы ата-баба жеріне алғаш табан тіреген сәті көрсетілген.

Әлеуметтік желіде қазақ таеквондосының негізін қалаушы, спорт шебері Мұстафа Өзтүріктің 1995 жылы тарихи Отанына жасаған сапарынан бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл кадрларда әйгілі спортшының Абай облысы, Мақаншы ауданындағы ата-баба жеріне алғаш табан тіреген сәті көрсетілген. Ол сапарында Әсет Найманбаев музейіне барып, жергілікті халықпен кездескен, бабалар рухына тағзым етіп, туған топырақты басқан.

Мұстафа Өзтүрік – Түркияда өссе де, жүрегі қазақ деп соққан, 1990 жылдары Қазақстанға келіп, таеквондоны дамытып, ұлттық рухты асқақтатқан тұлға. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары