$ 542.8  637.84  6.49

«Бүйрегінен айырды»: Қостанайда медицина қызметкері қарияны аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

Жәбірленушінің қызы бұл жантүршігерлік сәттің видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қостанайдағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында сұмдық жағдай болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Орталықтың қызметкері 61 жастағы ер адамды аяусыз соққыға жыққан.

Жәбірленушінің қызы бұл жантүршігерлік сәттің видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Кадрларда медицина қызметкерінің қарт кісіні қатыгездікпен ұрып жатқанын анық көруге болады.

Қызының айтуынша, жанжалға әкесінің ғимарат ішінде шылым шегуі себеп болған.

– «Әкемді темекі тартқаны үшін медициналық қызметкер соққыға жығып, ауыр жарақат салды. Соның салдарынан оң бүйрегі жыртылып, оны алып тастауға тура келді. Оған қоса 11-ші және 12-ші қабырғасы сынған. Қазір жағдайы өте ауыр», – дейді Қостанай тұрғыны.

Полиция бұл дерекке қатысты қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қостанай облыстық ПД мәліметінше, күдікті ұсталып, изоляторға қамалғанымен, кейін үйқамаққа жіберілген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жақын арада іс сотқа жолданады.

Ал зардап шеккен қарияның қазіргі жағдайына қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме бермеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары