Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қазақстанның 15 облысында 25 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Күндіз Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 25 қыркүйекте шығыстан солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23м/с құрайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігігнде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 25 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте және Түркістанда 25 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны күрт төмендеп, 1 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
25-26 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа аойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 25 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 17 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, түнде облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 25 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.