Жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің тек шығыс өңірлеріне тән.
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан аумағы бойынша ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптикалық болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің тек шығыс өңірлеріне тән. Ал еліміздің қалған аумақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік өңірдің жекелеген аудандарында бұршақ жаууы да мүмкін.
Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрса, солтүстігінде қатты жел соғып, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Түнде Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында сынап бағаны 1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.