Тамыз айында банктердің пайдасы 223 млрд теңгені құрады.
Қазақстанның банк секторы 2025 жылғы қаңтар–тамыз айларында салық төлегеннен кейінгі таза пайда көлемін 1,8 трлн теңге деңгейінде қалыптастырды. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға көп, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тамыз айында банктердің пайдасы 223 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың тамызымен салыстырғанда 5,5%-ға аз. Дегенмен, шілде айында банк жүйесі жыл басынан бергі рекордтық нәтижеге қол жеткізіп, 262 млрд теңге пайда тапқан болатын.
Ұлттық банктің дерегінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторының активтері 66,6 трлн теңгеге, ал міндеттемелері 56,8 трлн теңгеге жетті.