$ 541.01  640.34  6.52

Жұмыс уақытын өзгерту кептелісті шешпейді – Мәжіліс депутаты

Депутаттың айтуынша, Астанада айтарлықтай кептеліс жоқ.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада көлік кептелісін азайту мақсатында жұмыс уақыты өзгертілді. Бұл тәжірибе дамыған елдерде де қолданылады. Дегенмен Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ірі мегаполистерде, Астанадан басқа қалаларда, жұмыс уақытын өзгерту кептелісті шешпейді деп есептейді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, Астанада айтарлықтай кептеліс жоқ.

«Жеке мегаполистерде кептеліс мәселесін тек жұмыс уақытын өзгерту арқылы шешу мүмкін емес. Мұны шешудің бір ғана жолы бар – қоғамдық көліктерге толық мүмкіндік беру. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер үшін арнайы жолақтар жасау қажет», – дейді депутат.

Оның пікірінше, жолдағы кептелісті азайту үшін қоғамдық көліктің тиімділігін арттыру басты шешім болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары