$ 539.54  637.09  6.52

Өскеменде прокурор қызметінен шеттетілді

Әлеуметтік желіде қол астындағы қызметкерлерін ұрды деген күдікпен қала прокурорына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады.

Фото: altainews.kz
Фото: altainews.kz

Өскемен қаласының прокуроры Тимур Шақпантаев қызметінен уақытша шеттетілді. Мұны Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде қол астындағы қызметкерлерін ұрды деген күдікпен қала прокурорына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады.

"Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. "Құқық қорғау қызметі туралы" заңына сәйкес, ол жауапкершілігіне қатысты шешім қабылданғанға дейін уақытша қызметінен шеттетілді", – делінген хабарламада.

Қадағалау органының мәліметінше, бұған дейін қала прокуратурасының басқа да қызметкерлеріне қатысты тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде кейбір фактілер расталып, бірнеше қызметкер қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Тимур Шақпантаев Өскемен қаласының прокуроры болып 2024 жылдың маусым айында тағайындалған. Бұған дейін Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары