$ 539.54  637.09  6.52

Еділ Жаңбыршин: «Президенттерсіз діндер съезі тек талқылау деңгейінде қалып қояды» (ВИДЕО)

Оның айтуынша, мұндай жиындардың маңызы зор болғанымен, олардың әсері жаһандық деңгейде шектеулі болып тұр.

Фото: Казинформ
Фото: Казинформ

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, мұндай жиындардың маңызы зор болғанымен, олардың әсері жаһандық деңгейде шектеулі болып тұр.

«Мұндай жиын керек. Бірақ ол өзге мемлекеттің президенттеріне жетіп жатыр ма? Себебі соғыс өршімесе тоқтаған жоқ. Діннің мәселесі оны тоқтату керек еді ғой. Мұнда көтерілетін мәселе айтылады, бірақ мемлекеттердің ішкі саясатына қатысып жатқан жоқ. Осындай съезге өзге елдің президенттерін де шақыру керек. Себебі мұндай жиындарда тек талқылаумен шектеліп қалады», – деді депутат.

Жаңбыршиннің пікірінше, соғыстардың негізгі себебі діндер арасындағы қайшылықтардан бастау алады.

«Бір дінге бірікпей, мұндай талқылаулар жалғаса береді. Соғыстың бәрі діннің қақтығыстарынан туындайды», – деді ол.

Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан VIII съезге әлемнің беделді дін көшбасшылары мен халықаралық ұйым өкілдері қатысып жатыр.

Форум аясында жаһандық тұрақтылық пен татулық мәселелері талқылануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары