$ 539.54  637.09  6.52

Тоқаев Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ресей патриархы екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті.

— Кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін әрі айрықша құрмет белгісі ретінде Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары