Сонымен қатар республиканың бірнеше аймағында өрт қаупі бар.
"Қазгидромет" синоптиктері 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мамандардың болжамына сәйкес, түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында -1°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан найзағайлы жауын-шашын өтеді. Тек батыс пен оңтүстік-батысқа солтүстік-батыс антициклонының сілемі әсер етеді, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – дауылды жел, солтүстік-батыс пен орталықта түнгі және таңғы сағаттарда – тұман түседі", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар республиканың бірнеше аймағында өрт қаупі бар: