$ 541.18  636.05  6.52

«2 миллион теңге»: Жетісуда сот орындаушысы алиментті өз қалтасына басқан

Ол 170 мың теңгесін ғана өндіріп алушыға аударып, қалғанын жеке мақсатына жұмсаған.

Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

Бірінші кезеңде ол алимент төлемдерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша заңды түрде борышкерлердің жалақысынан сомаларды ұстап қалу туралы қаулы шығарып, жұмыс берушілерге жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Одан әрі борышкерлердің жұмыс берушілерінен ақша түскеннен кейін ақшаның көп бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын алимент өндіріп алушыларға аударған.

"Мысалы, бір жағдайда сот орындаушысы борышкердің жалақысынан өндіріп алуды 2025 жылдың сәуір айынан бастаған. Жұмыс беруші сәуір айынан маусым айына дейін жеке сот орындаушысының шотына 570 мың теңгеден астам сомаға алимент төлемдерін аударған", – деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Сот орындаушысы аталған соманың 170 мың теңгесін ғана өндіріп алушыға аударып, қалғанын жеке мақсатына жұмсаған.

Тексеру кезінде белгілі болғандай, ол осыған ұқсас схеманы бірнеше рет қолданып, оның көмегімен 2 млн теңгеден астам соманы қалтасына салған.

Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары