$ 541.18  636.05  6.52

«7 баланы күйік шалды»: Павлодарда сабақ үстінде оқыс оқиға болды

Бір топ оқушы бөтелкедегі сусынға химиялық "Крот" құбыр тазартқыш құралын салып, онымен футбол ойнаған.  

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Пластик бөтелке жарылып, 7 баланы химиялық күйік шалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жазатайым оқиға облыс орталығындағы №37 орта мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде болған. 6-сыныптың бір топ оқушысы сілтілі "Крот" құбыр тазартқыш құралын сусын құйылған пластик бөтелкеге салған.

Оны футбол добы ретінде пайдаланып ойнап жүргенде бөтелке жарылып, жеті баланың денесі күйіп қалды. 

– Жедел жәрдемге шақырту бүгін сағат 12.49-да түсті. Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Анықталғандай, жеті бала зардап шеккен. Балалардың қол саусақтарын, бет-әлпеттері мен көздерін күйік шалған. Оқушылар әлгі жерде "крот"+мохито+фольга химиялық заттарын пайдаланып, ойын ойнаған. Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр емес, – деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Оқиға орнында медицина қызметкерлерімен қатар, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және апаттар медицинасы орталығының мамандары да жұмыс істеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары