$ 540.84  634.46  6.43

Қазақтар арасында ажырасу азайды

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу көрсеткіші айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

2020 жылы тіркелген 48,2 мың жағдай 2024 жылы 40,5 мыңға дейін қысқарды. Яғни, ажырасу саны 16%-ға жуық азайған. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады.

2019 жылдан бері кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар жанынан «Бақытты отбасы» жобасы іске асуда. Оның мақсаты – ерлі-зайыптыларға даулы жағдайлардан шығу жолын көрсету. Жоба аясында психологтар, заңгерлер, медиаторлар мен әлеуметтік қызметкерлер кеңес береді. Министрдің айтуынша, мұндай қолдаудың нәтижесінде 2024 жылы ажырасуға қатысты істердің 37,5%-ы татуласумен аяқталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары