Черногория Жоғарғы соты «Не Молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріні Қазақстанға беруден бас тартты.
Дина Таңсәрі Черногориядан экстрадицияланбайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Черногория Жоғарғы соты «Не Молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріні Қазақстанға беруден бас тартты.
Оның айтуынша, алғашқы және апелляциялық сот инстанцияларында істі қараған судьялардың әйел болуы — ерекше мәнге ие жағдай.
- Әйелдер үшін мұндай процестерде гендер факторының ескерілуі маңызды, – дейді ол.
«Не Молчи» қоғамдық қоры Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің құқығын қорғап, оларға көмектеседі. Черногория соты шешімінде халықаралық нормаларға ғана емес, сонымен қатар Конституциялық соттың ұстанымдарына да сілтеме жасаған.
Бірінші инстанцияның шешімі әуелі Бас прокуратураға, кейін апелляциялық сотқа жіберілген.
Биыл 14 сәуірде Астананың сұрауы бойынша Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталып, кейін босатылды.