Түстен кейін сот Ерболат Жанабыловтың өзіне қатысты істі қарайды.
Елордадағы Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жанабыловтарға қатысты сот басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. блогер Ерболат Жанабыловтың әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысы басталды.
Процесс барысында блогердің өзі сот залында болды. Сонымен қатар оны қорғау үшін ерлі-зайыпты адвокаттар – Олег пен Анна Чернов келді.
Сот ісінің мән-жайы әзірге жария етілмеген. Толығырақ ақпарат сот шешімі шыққан соң белгілі болмақ.
Айта кетейік, түстен кейін сот Ерболат Жанабыловтың өзіне қатысты істі қарайды.
Сотқа комитетке азамат С. тарапынан Instagram желісіндегі Жанабыловтар парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырылғаны жөнінде арыз түскені мәлім етілді. Сондай-ақ бұл дерек туралы Қаржы мониторингі агенттігінен де ресми хабарлама келген.
Комитеттің бақылау сатып алуы барысында блогердің сатылымға шығарған курстары мазмұн жағынан мәлімделген сипаттамасына сәйкес келмейтіні анықталған.
Комитет өкілдері блогер әрекеттерінде сатылымды ынталандыру фактісі дәлелденбегенін, сондай-ақ ұтыс жеке аккаунт арқылы емес, корпоративтік парақшада өткізілуі керектігін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі әлеуметтік желілерде заңсыз ұтыс ойындарын өткізгендерді тексеретінін мәлімдеген.