$ 540.84  634.46  6.43

SCAT-тағы жанжал: Алабай иттің салдарынан рейс кешігіп, багаждар сағаттап берілмеген (ВИДЕО)

Оқиғаға қатысты әуе компаниясы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шымкент – Стамбул бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсі күтпеген оқиғаға байланысты кешігіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ шамамен бір сағатқа кешіккен. Бұған себеп – алабай тұқымды итті багаж бөліміне тиеу кезіндегі қиындықтар болған.

Алайда нағыз шу Түркияға қонған соң басталды. Жолаушылардың чемодандарын бірнеше сағат бойы бермеген. Қолға дипломатиялық қызмет пен полицияны шақыруға тура келген. Себебі, жолаушылардың сөзінше, алабай ит қорабын жыртып шығып, әуежай қызметкерлерін багажға жолатпай қойған.

Оқиғаға қатысты әуе компаниясы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары «бұл рейстің басты жолаушысы – сол алабай болды» деп қалжыңдауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары