$ 538.89  629.53  6.34

Атырауда автобус ішінде құсып қойған баланың анасына жүргізуші еден жуғызып қойған (ВИДЕО)

Оқиға салдарынан автобус қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

8 қыркүйек күні Атыраудағы қалаішілік автобустардың бірінде ерекше оқиға болды. Жас баланы жол үстінде құсық қысқандықтан, ол автобус еденіне құсып қойған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы сәтте жүргізуші қатты ашуланып, баланың анасынан еденді жуып шығуды талап еткен. Алайда әйелдің қолында тағы бір жастағы сәбиі болғандықтан, ол бұл ұсыныстан бас тартқан.

Оқиға салдарынан автобус қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болды. Ақырында жолаушылардың өздері бірігіп, еденді тазалап, жолды жалғастырды.

Әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқылануда. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі жүргізушіні қолдап, қоғамдық көлік тазалығын сақтау керектігін айтса, енді біреулері анаға түсіністік танытып, мұндай жағдайда жүргізуші шыдамдылық көрсетуі тиіс деген пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары